Атом электр станцияларын салу — Қазақстанға көптеген артықшылық әкелетін стратегиялық шешім. Біріншіден, атом энергиясы — таза энергия көзі. Көмір электр станцияларынан айырмашылығы, ол қоршаған ортаны ластамайды және атмосфераның тазалығын сақтауға көмектеседі. Екіншіден, атом энергетикасы — тұрақты электр қуатының көзі, бұл еліміздің сыртқы жеткізілімдерге тәуелді болмауына және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. АЭС мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика мен инновациялардың дамуына серпін береді. Бұл Қазақстан үшін экологиялық таза және тұрақты болашаққа жасалған маңызды қадам.
Әлішер Аяпберген,
«Жастар рухы» жастар ұйымының төрағасы.
Қордай ауданы