Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарттар қайдан сая тауып жүр?

0 219

Тәуелсіздігіне жеткеніне көп те болмаған еліміздің жағдайы жыл санап жақсарып, жыртығымыз бүтінделіп, жоғымыз түгенделуде. Алайда қарттарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарының көбеюі қуантарлық жағдай емес.

Қазіргі кезде өңірдің мұндай орталықтарында қарттарға арналған 345 орын болса, ондағы адам саны да сол шамада. Қараусыз қалған қарттардың көбеюіне не түрткі болды? Мұны да қоғамның өзгеруінен дейміз бе? №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығынан осы және өзге де сұрақтардың жауабын тауып, ондағы мән-жаймен танысып қайтуды жөн көрдік.

Қарттар үйіне кірмес бұрын сол маңайда ұсақ-түйек сатып отыратын әжейді көзім шалып қалды. Мектептен шыққан балалар әжейді қоршап алып, «анау қаншадан, мынау қаншадан?» деп ес жидыратын емес. Әжейдің шаң басқан үстелі толған кішігірім ойыншықтар мен тәттілер екен. Мұндай заттарға балалар әуес. Әрі бағалары да қолжетімді. Тек кейбір тәттілердің сақтау мерзімі өтіп кеткен. «Бұған ересектердің өзі аса назар аудармаса, балалардан не күтуге болады?» деген сұрақ жауапсыз қала бермек. Меніңше, сол заттардың мерзімі өтіп кеткенінен әжей де хабарсыз. Ұсақ-түйектің барлығын балалары әкелетін болса керек-ті. Балаларының қандай екенін әжейдің қазіргі халінен де байқауға болады. Жөн сұрасып болған соң, сыртынан қарағанда биік қабырғаларының өзі көзге оғаш көрінетін №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына беттедік. Әуелде мұнда қарттар тұрады дегенге әсте сену қиын болғанымен, орталықтың ішкі тыныс-тіршілігі ойымызды түбегейлі басқа арнаға бұрды. Мекеме ауласының жасыл желегін айтпағанда, көз тартарлық қолөнер бұйымдарының ерекшелігін байқамау мүмкін емес.

Бұйымдардың қатарында осында тұратын қарт кісілердің ағаштан жасаған туындылары да тізілген. Онымен қоса, былтыр ғана құрылысы басталған спорт алаңы да қарттарға ықшамдалып салынған. Мұнда күнделікті дене шынықтырумен айналысып қана қоймай, жасанды шөпте спартакиада ойындары да жиі өтеді. Еңбекке жарамды қарттар кішігірім дене қимылын жасап, аула тазалауға жәрдемдеседі. Әрине, бұның бәрі тек дәрігердің нұсқауымен жүзеге асады. Бұл мекеме емдеу орталығы болмаса да, дәрігер мен медбикелер жұмыс жасайды. Қарттардың денсаулығы мамандардың жіті бақылауында болып, күнде таңертең олардың қысымын өлшеп, тиісті емшараларын жасайды. Бұған қарттар да үйренген. Мұнда қарттарға жақсы жағдай жасалғанымен, өмірлерінің ұзақ бөлігін еңбек етумен өткізген жандардың жанарында бір мұң барын байқайсың. Олар туған-туыстарынан да медет күтпейді, керісінше, «келмесе екен» деп отыратындар басым екен.

Әлеуметтік орталықта сырқаты бар адамдар ем алып жатса, денсаулығы қалыпты ата-апалардың төрт қабырғаға қамалып отырғысы жоқ. Олар мерекелік шаралардан бөлек театрға, айтысқа, сонымен қатар концерттік бағдарламаларға жиі барады. Кейбір елдерде мұндай орталықтар жеке меншіктің құзырында болса, бізде бәрі үкіметтің қарамағында. Десе де, халық арасынан жанашыр жандар да табылады. Олар әлеуметтік орталықтың кем-кетігін түгендеуге дайын. Айналаға қарасаң, қарттардың көбісі шағын ғана ауладан сая тауып жүргендей. Қарттар тұратын үйдің тура кіреберіс жерінде алысқа көз тастап ойланып отырған әжейді көзім шалып, жөн сұраса қасына жайғастым. Басын аспанға көтере маған бұрылған апайдың көзінен сырқат екенін бірден байқадым.

– Әлдекімді күтіп отырсыз ба? – дедім мен жол жаққа қайта-қайта көз тастап отырған әжейге.

– Иә, баламды күтіп отырмын, бүгін келетін күні еді, – деді жай үнмен.

– Неге келетін еді, сізді алып кетуге ме? – деп қайта сұрақ қойдым сасқанымнан. Мұнда келетіндердің көбісі жөн сұрасқан соң, қарттардың әңгімесін тыңдайтынын жақсы білсе керек, әжей өз жайын айта бастады.

– Балам болған соң келеді де. Енді олардың жағдайы қазір мәз емес, таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Мен өзімнің пенсиямды соларға деп алып қоямын. Пенсиямның бәрін өздеріне жұмсамасын деп, сыртқа шыққанда немерелеріме деп азын-аулақ тәттілерімді алып, тоңазытқышқа сақтап отырамын. Оған немерелерім де үйреніп қалыпты. «Әжем қашан тәтті жібереді?» деп күтіп жүреді екен, сағынған шығар, – деген әжейдің жүзі жылып сала берді.

Адам баласы өмірдің әр сәтінен бақыт ала алмай, кейін уақыт өткен соң «сол күндерім қызық еді» деп аңсап отырады. Тіпті шығарға жол таппай қалған сүреңсіз сәттердің өзін қызықпен еске аламыз. Ал қасымда отырған әжей болса, өзінің дәл осы шағына да бақытты секілді. Мейірбан ана өз баласының өзегінен ешқашан теппейді. Тек мұны түсінетін перзенті болса игі.

– Бізде қарттарға қолайлы жағдайлар жасалады дегенмен, олардың жанарындағы мұңды өшіре алмаймыз, көбісі ақтарыла бермейді. Қолы қалт ете қалса, жақын маңдағы дүкендерден ішімдік алуға асығып тұрады. Осындай жағдайда орталық қызметкерлері жолдарына барынша тосқауыл болып тырысып бағады. Осыған қарап, олардың бізге келудегі басты себебі ішімдіктен болған деп ойлаймыз. Қазіргі жастар осыдан үлгі алып, зиянды нәрселерден аулақ болуы керек. Біздің орталыққа келген қарттардың саны қанша болса, сонша тағдыр бар. Қызмет бабында жүріп, өмірінің қалай өткенін аңғармай, жасы келгенде амалдың жоғынан келгендер көбісі. Баратын жері, басатын тауы болмаған соң, бізге қалай келгенін өздері де аңғармай қалады. Сайып келгенде, бәрі тәрбиеге байланысты секілді. Өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жандардың ішінде балалар үйінде тәрбиеленгендер де бар. 2011 жылы күшіне енген заңға сәйкес, сотты болған адамдар зейнетақы жасына жетсе бізге келеді, – дейді орталық директорының орынбасары Гүлжаухар Үшкемпірқызы.

Әр үйдің берекесін кіргізіп, ақылын айтып, тілеушісіне айналған қарттардың мекені қара шаңырағы деп айта алмайтын халге жеттік қазір. Көшелерде ұсақ-түйек сатып отыратын әжелер, аула сыпырып жүретін аталарды көргенде жүрегіміз елжіреп кететіні хақ. Ертеден кешке дейін немерелерінің қызығына тоймай жүретін шағында жұмыс істейтін жандардың ермегі емес бұл. Бәрі де балалар үшін деп кешке дейін тыным таппайтын ата-аналардың қартайған шағында да сол мақсатпен өмір сүруі аянышты, әрине. Ата-анамды Меккеге апарсам деп тілейтін жандардан айналып кетейін дейсің мұндайда. Адам баласы ес білгелі болашағына үмітпен қарап өседі. Ата-аналары оларға керекті жағдайдың барлығын жасап береді, үлкен азамат болсын дейді. Сондағы ата-ананың баласы үшін атқарған көп жылдық еңбегінен тапқаны жалғыздық па? «Адамның басы – Алланың добы» деген осы шығар, сірә.

Сәндібек Піренов,
ТарМУ студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.