Қалалық қоғамдық-саяси газет

Артериялық гипертензияның алдын алу

0 916

Артериялык гипертензия (АГ) – артериялық қан қысымының мерзімдік немесе тұрақты жоғарылауы. Гипертониялық ауру – әлемдегі ең кең таралған аурулардың бірі. Артериялық қысымның жоғарылау себебі күрделі және әралуан. Қазіргі кезде бұл сырқаттың себебін дәл анықтау қиын. Әрине, гипертониялық аурудың даму механизмінде адамның жүйке жүйесінің жағдайы маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар артериялық қысымды жоғарылататын басқа да ілеспелі аурулар болады. Мысалы, пиелонефрит, эндокриндік жүйе аурулары, тамырдың туа біткен ерекшеліктері және т.б.

Шамамен әр төртінші ересек адамда артериялық қан қысымы жоғары, сонымен қатар негізгі қауіп факторлары – жүрек және бүйрек аурулары, инсульт пен жүрек кемістігі жиі. Жоғары қан қысымы өте қауіпті, себебі оның алдын ала сезілетін белгілері болмайды. Бір жақсысы, сіз үнемі өлшеп отыру арқылы қан қысымыңыздың қандай екендігін біле аласыз. Егер қан қысымыңыз жоғары болса, сіз оны төмендету үшін шаралар қолдана аласыз. Егер қан қысымыңыз қалыпты болса, оны сол деңгейде қалай ұстап түру қажеттігін білген жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, артериялық қысымның қауіпсіз деңгейі кемінде 140/90 мм с.б., ал қантты диабетпен ауыратындар үшін – кемінде 130/80 мм с.б. Артериялық гипертензия көп жылдарға созылған жағдайда адам ағзасы біртіндеп жоғары артериялық қысымға бейімделеді, алайда жоғарылаған қысым тамырларға және олармен қуаттанатын ағзаларға – ми, жүрек, бүйрекке патологиялық әсер етеді. Ұзаққа созылған артериялық қысым жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістер (тіпті шағымдардың болмауы жағдайында да) инсультқа, жүректің ишемиялық ауруына (стенокардия), миокард инфарктісіне, жүрек және бүйрек шамасыздығына әкелуі мүмкін. Артериялық қысымның жоғарылауы кезінде аса жиі болатын белгілердің бірі – бастың ауруы. Бұл жағдайда адам дәрігерге қаралуға мәжбүр. Алайда осы белгі үнемі артериялық қысымның жоғарылауының белгісі бола бермейді, кейде бас ауырмауы да мүмкін. Гипертониялық аурудың бірнеше кезеңде жүретіні бар. Аурудың дамуының ерте кезеңінде артериялық қысым әдетте тұрақсыз түрде жоғарылайды және тынығу кезінде, стресс жағдайларын жою және т.б. кезінде өз бетінше калыпқа келуі мүмкін. Бұдан әрі дамыған кезде артериялық қысым тек қана дәрілік препараттардың әсерімен ғана қалыпқа келеді. Осы кезеңде ауру өршу (криздермен) және жақсару кезеңдерінің толқын тәрізді ағымымен сипатталады. Криздер сырқат адам үшін қауіпті, сондықтан мұндай жағдайда оны дәрігер міндетті түрде бақылауы тиіс. Дәрілік препараттарды үнемі қабылдау, артериялық қысымды қадағалау жағдайында емделушілердің көп жағдайда инсульт, миокард инфарктісі, екпенің ісінуі және т.б. сияқты қауіпті асқынулардың алдын алуға болады. Артериялық қысымды өлшемей, ауруды анықтау мүмкін емес!
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ: адам артериялық қысымды хал-жағдайы нашарлағанда ғана емес, сондай-ақ шағымдар болмаған жағдайда да тұрақты өлшеуі қажет. Бұл – артериялық гипертензияны уақытылы анықтаудың дәлелді тәсілі. Профилактика мәселесі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан. Қан айналым жүйесі ауруларын, соның ішінде артериялық гипертензияны анықтау бойынша. Ұлттық скринингтік зерттеулер жүргізілуде. Сол себепті әрбір азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада тексерістен өтуі тиіс. Егер артериялық гипертензия диагнозы анықталса, диспансерлік есепке тұруы қажет. Алдын алудың басты мақсаты – артериялық гипертензияның қауіп факторларының әсерін жою. Алдын алу шараларына мыналар жатады:
– артық салмақтан арылу (артық салмақтың 4-5 келіге томендеуі АҚ-ның 5 мм с.б. темендеуіне алып келетіндігін білу маңызды)
– тәулігіне 5-6 грамнан артық тұз тұтынбау;
– көбірек қимылдау (жүйелі орташа және бәсең жүктемелер АҚ деңгейін тұрақты төмендетеді);
– стресс жағдайларынан аулақ болу (стресс жағдайларында қанағымға кортизол және адреналин лақтырылады, олар қалыпты артериялық қысымды арттырып, ағзаны қауіпке тойтарыс беруге дайындайды);
– шылым шегуден бас тарту (темекі шегу атеросклероздың жылдам және ерте дамуына себепші, темекі түтініндегі никотин тамыр қабырғаларын зақымдайды және тамырларда түйіндердің пайда болуына ықпал етеді). Нәтижесінде жүректің және бас миының артериялары бітеледі, бұл миокард инфарктісіне және инсультка алып келеді;
– сергітетін ішімдіктер мен алкогольден аулақ болу. Артериялық қысым тыныштық қалпында, ұйқы кезінде төмендейді, таңертеңгілік, қобалжу, дене жүктемелері және баска жүктемелер кезінде, сондай- ақ шылым тарту және алкогольді ішімдіктерді қабылдағанда артады. Артериялық гипертензияның алдын алу әр адамның өз қолында.

Салтанат Малгараева,
№5 қалалық емхананың терапевт дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.