Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Иә, қолда бар ақпарат бойынша, 3 қарашада шамамен сағат 03.00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылысының болғанын растаймыз, — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.
Жарылыс салдарынан 4 жұмысшы көз жұмса, төртеуі ауруханаға жатқызылған. Тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасуда.
Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша 106 жұмысшы эвакуацияланған.
Жағдайлар анықталуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр, тергеу нәтижелері оқиғаның себептерін анықтайды, — деп қосты Иманқұлов.