Қалалық қоғамдық-саяси газет

Архив және болашақ

0 342

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2022 жылы «Балалар жылына» орай «Архив және болашақ» атты республикалық жобасы бастау алған болатын. Жобаның негізгі идеясы – жыл сайын 21 қыркүйекте бүкіл ел бойынша мемлекеттік архивтердің түрлі жастағы балаларды кеңінен қамтитын іс-шаралар кешенін өткізуінде жатыр. Сонымен қатар архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге оқушыларды, студенттерді, жас зерттеушілерді кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Ата-бабалар тарихын, салт-дәстүрді зерттеуге тарту, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрапқты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.

Осыған орай Тараз қаласындағы «Даңқ залында» арнайы шара өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы орынбасары С.Мадиева, А.Гайдар атындағы №35 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, №36 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, «Парасат» колледжінің І курс студенттері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» факультетінің І курс студенттері қатысты. Онда Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің атқаратын қызметі туралы ақпараттық стенд, мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен зиялы тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде «Жамбыл облысының мәдениет қайраткерлері» атты көрме, Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтер, 1941 жылы маусым айында Бас қолбасшының бұйрығы бойынша 105-ші дербес ұлттық атты әскер дивизиясы, 81-ші гвардиялық атты әскер дивизиясы, 678-ші жеке атқыштар батальоны, дербес инженерлік құрылыс батальоны, газсыздандыру отряды, 5-ші теміржол ротасы, 1914, 1913 және 1919 жұмысшы батальондарының жасақталуы жөнінде ақпараттар қамтылған көрмелер ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.