Қалалық қоғамдық-саяси газет

Архив – мемлекет тарихының сақтаушысы

0 363

Бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік архивінде 886 мекеменің, 4995 қоры мен 900 мың құжаттары сақтаулы. Олардың тек 12 пайызы ғана, яғни 2 млн. қағаз электронды жүйеге көшірілген.

Зере Қуаныш

Жаңа жылдан бастап «ҚР Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгеріске байланысты аумақтық сайлау комиссиясында екі тұрақты орын ашылды. Енді әрбір аумақтық сайлау комиссиясындағы төраға немесе оның орынбасары және міндетті түрде хатшы тұрақты негізде жұмыс жасамақ. Облыстық мемлекеттік архивтің мәжіліс залында өткен аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысында осы және өзге де мәселелер күн тәртібіне шығарылып, оған әр аудан және қалалық мұрағат өкілдері қатысты. Жиында орталық сайлау комиссиясының берілген тапсырмалары, құжат айналымын заң тәртібіне сәйкес рәсімдеу, істер номенкулатурасын қалыптастыру және архивпен бекітудің тәртібі сөз болды. Семинарда іс-қағаздардың рәсімделуі мен оның тәртібі туралы архив қызметкерлері жан-жақты мәлімет берді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан келетін кіріс және шығыс хаттардың заң талаптары мен жазылуы, орындалу жолдары слайд арқылы көрсетіліп, қатысушылар еркін форматта сұрақ жауаппен алмасты.


– Семинар-тренингке әр ауданнан және Тараз қаласынан архивте құжаттар бөлімімен жұмыс жасайтын қызметкерлерді шақыртып, оларға жыл басынан бергі заңда орын алған өзгерістер мен толықтылуларды түсіндірудеміз. Жалпы бұл аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы. Түсіндіру-насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетін болады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Архив-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік құжаттарды онлайн, яғни цифрлы жүйеге енгізу жұмыстары басталды. Біздер облыс бойынша тек 2 миллионға жуық қағазды цифрландырдық. Бұл жұмыстар енді басталғандықтан, алдымен іс-қағаздардың дұрыс орындалуына, олардың заң аясындағы тәртібін қызметкерлерге түсіндірудеміз. Өйткені әрбір іс-қағазы өз алдына факт, – дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.