Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлерге мерекелік төсбелгі табысталды

0 386

​Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. ​ Осыған орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Семей полигонына 30 жыл» мерекелік төсбелгімен бір топ ардагерлерді марапаттау рәсімі өтті.

​ ​Жиынның шымылдығы Семей полигонының халыққа тигізген азабы мен зардабы ​ туралы түсірілген бейнероликпен ашылды.

​Марапаттау рәсімінде алғашқы сөз аудан әкімі Олжас Қаржауов берілді. Өңір басшысы ардагерлерге алғыс білдіріп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады.

​ ​Ардагерлерге мерекелік төсбелгіні аудан әкімі Олжас Қаржауов және аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков тапсырды.

​Сонымен қатар, Семей полигоны ардагерлері ұйымының төрағасы Шынарбек Райысбеков сөз сөйлеп, ядорлық сынақтың зардабы туралы айтып, ардагерлердің жай-күйі, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және патриоттық тәрбие жайында сөз қозғады.

Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.