Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлер – ардағымыз

0 252

Ардагерлер үйінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы төралқа отырысының пленумы болды.

Шапағат Мамытхан

Жиынның мақсаты – жастарды ата-бабаның ұлттық құндылықтар үрдісі негізінде тәрбиелеуге, оларды қазақстандық патриотизмге баулу. Ардагерлер қатарынан денсаулығына байланысты Сағынбек Ақшалов, Жамал Мисиров, Магомед Тоқсабаев төралқа мүшелігінен босатуға өздері өтініш білдірген. Ал жұмыс ауқымының ыңғайсыздығына байланысты Ғибадат Кемелбекова да қатардан шығатынын жеткізді. Міне, осы кісілердің орнын басуға жаңа ардагерлер қабылданды. Осыған байланысты қалалық ардагерлер кеңесі пленумына төралқа құрамына өзгерістер мен ұсыныстар енгізілді.

– Ұзақ жыл еңбектің бейнетін көрген, жасы егде тартқан жандардың қартайған шағында қоғамдық ортадан тыс қалмай, қамқорлыққа бөленуін жүйелі түрде тұрақты ұйымдастырудың маңызы зор. Ардагерлер кеңесінің негізгі міндеті – есепте тұратын қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу, оларға әртүрлі қызметтің сапалы көрсетілуіне ықпал ету, мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Үлкенді сыйлау, қариясын құрметтеу – қашанда халқымыздың ана сүтімен санасына сіңген қасиет. Бұл қасиет дінімізбен, ділімізбен, дәстүр-салтымызбен үйлесіп жатыр. Өткенін сұрыптап, келешегіне болжам жасау да – атадан балаға мирас болып қалған үрдіс. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне көрсетілетін қамқорлық, жасалатын қызмет алдағы уақытта да жалғасын таба береді, – деді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Сағынбек Ақшалов, Тұрсын Бакеев, Ғибадат Кемелбекова, Жәнібек Майханов, Жамал Мисиров, Магомед Тоқсабаев төралқа құрамынан шығарылып, Сәрсенбек Абдрахметов, Сауранбек Жамалбеков, Малтабар Жаманбаев, Абдурахман Зейнутдинов, Аманқұл Искаков, Мұрат Жұмаділдаев, Бауыржан Найманбаев төралқа құрамына мүше болып қабылданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.