Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаратаудағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты

0 204

Бүгін Талас ауданы Қаратау қаласындағы «Диас» сауда орталығында өрт шықты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Ғимараттың жалпы көлемі 1700 шаршы метр, өрт ошағы шамамен 200 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. 12 адам, 2 техника өрт сөндіруге кірісті.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. «Диас» және «Корзинка» сауда үйлерінің қызметкерлері мен сатып алушылар қауіпсіздік жерге эвакуацияланды. Барлық өрт гидранттары іске қосылған.
Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауларыңызды сұранамыз» – делінген хабарламада.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.