Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қарасора-2024» арнайы профилактикалық іс-шарасы өтті

0 444

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірхановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы откен болатын. Осы отырыстың қорытындысы бойынша аудан көлеміндегі жабайы қарасора есірткілік өсімдігінің ошақтарын жою туралы шешім қабылданды.
Осы орайда есірткі қылмысына қарсы күрес және оның таралуына жол бермеу мақсатында, аудан әкімдігі мүдделі органдармен жұмысшы топ құрып, Республикалық «Қарасора-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырды. Жұмыс тобы нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл іс-шараларын тиісті деңгейде жүргізу үшін, «Ураган форте» арнайы гербицидке қажетті қаражат қарастырып, техникалармен жасақтады.
Атап айтқанда аудандық ветеринария бөлімінің дәрі шашатын «ГАЗ» автокөлгі мен осы мекеменің ветеринар дәрігерлері қарасора өскен аумақты автокөлікпен таптай жүріп арнайы дайындалған қоспаны шашып шықты. Нәтижесінде, 52 гектар қара сора ошағы дәріленіп, жойылды.
Аталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов, аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Ахаев, ҚР ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мойынқұм аудандық бөлімшесінің қызметкері Диас Даулетбай, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Құралай Избасарова мен бас маманы Қарлығаш Смақ, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ернұр Тоғаев, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушев, аудандық ветеринариялық бөлім директоры Ернұр Нәдірғожин, ветеринариялық бөлім қызметкерлері, Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Қожабек Ақбергенов, Берікбай Серікбаев, Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің инженері Берік Абрешов пен осы мекеменің орманшы қорықшысы Медет Әбдіқалықов пен БАҚ өкілі белсенді қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.