Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаракемердегі қуаныш

0 490

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы негізгі мақсаттардың бірі.Осы бағытта өткен жылы Жамбыл ауданында 4 елді мекенде ауыз сумен қамтуға жеке модульдік қондырғылар орнатылса, ағымдағы жылы тағы 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмақ.

Осыған орай «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына мемлекеттен 504 миллион 548 мың теңге қаржы қаралып, 19,4 шақырымға ауыз су тартылды. Құрылысты «Тараз строй 2004» ЖШС қолға алып, бүгінгі таңда бұл жоба сәтті тәмамдалып отыр. Бүгінде қаракемерліктер үй іргесіне ауыз су құбырын тартып, таза тіршілік нәрін тұтынуда. Айта кету керек, Жамбыл облысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша биыл 13,6 млрд. теңгеге 54 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, 32 елді мекенге ауыз су тартылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 92,0 пайыздан 96,5 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Әмина Қайрошқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.