Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарабөгеттегі кездесуде өзекті мәселелер көтерілді

0 55

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Қарабөгет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын төмендегі мәселелер қозғалды: шабындық жерлер, мал жайылуға арналған аумақтар, каналдарға су жіберу сынды басқа да өтініштер айтылды. Аудан басшысы осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті. Сонымен қатар, әкім тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сондай-ақ, іс-сапар барысында Ермек Амангелдіұлы Құмөзек ауылындағы білім беру орталықтарының қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді. Қарабөгет ауылындағы апатты жағдайда тұрған көпірдің мән-жайын біліп, жаңа мектептің құрылысымен танысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.