Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қара кемпірге аудандық мұражайдан бұрыш ашылады

0 4  567

«Jambyl-Taraz» газетінің №19(1673) санындағы «Қара кемпірдің үйі неге қараусыз қалды?» атты мақаласына төмендегідей жауапты жолдаймыз.

Қали апамыздың үйі Қызыл сай ауылы, Б.Рысқұлбеков көшесінің бойында орналасқан. Аталған үй 2 бөлмелі, топырақ кірпіштен салынған. Бүгінгі күнге апатты жағдайда. Қайта жөндеуге келмейді. Аталған үй ауыл тұрғыны Кебекбаев Қойшыбайдың жеке теңгеріміне өткен.
2022 жылдың 15 маусым күні аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Жаңатоған ауылдық округі, Қызыл сай ауылының тұрғындарымен кездесті. Алдағы уақытта «Қара кемпір» апамызды кейінгі жастарға үлгі ретінде көрсетеміз деген оймен Меркі аудандық орталық мұражайдың ішінен арнайы бұрыш ашу бойынша ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Қырғызстан Республикасына кірме жол бойында Мыңқазан ауылының жоғарғы жақ бетінде «Қара кемпір» мемориалы ескерткіші орнатылған.
2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, туристтік обьектілер тізіміне енген Қара кемпір мемориалына тарихи-мәдени ескерткіштің тарихын 5 тілде баяндап беретін QR-код қойылған тақта орнатылды. Сонымен қатар 2020 жылы аталған ескерткіштің тұғыры гранитпен қапталып, қоршауы сырланды. Ескерткіш аумағына 2020 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Меркі ауданы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.