Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қарақат каналына су жіберілді

0 136
Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов ауданға арнайы іссапармен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаевпен бірге Абай ауылдық округінде салынып жатқан Қарақат су каналының құрылыс барысымен танысты.
Өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық жоба ретінде құрылысы былтыр басталған бұл каналдың жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Іргелі жоба арқылы бүгінде жерасты пластик құбырларымен артық шығынсыз 500 гектардан астам суармалы алқапты тиімді игеруге мүмкіндік жасалып отыр.
Бүгін аталған су каналы арқылы алғашқы тау сулары жіберіліп, гидрологиялық сынақ жұмыстары басталды.
Жобаның толық іске қосылуы ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алған Абай ауылдық округінің тұрғындары үшін үй іргесіндегі жерлерге тиімділігі жоғары дақылдар егуге нақты мүмкіндік қалыптастыратын болады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.