Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қар жауып, жел күшейеді: 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

0 560

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі.

Республика бойынша, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады, дауыл соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел тұрады.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.