Қалалық қоғамдық-саяси газет

Апат айтып келмейді

0 891

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қордай, Шу аудандарында орын алған төтенше жағдайдың зардаптары жойылуда.

Қар құрсауында қалған барлық тұрғындар құтқарылып, жылыту пунктеріне орналыстырылып, бірқатары үйлеріне қайтарылды.

Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Жарықсыз қалған Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандарындағы 30 елді мекеннің қазіргі таңда 26-на электр қуаты берілді. Қалған 4 елді мекенде электр энергиясын қосу жұмыстары жүруде.

Осы тұрғыда қолайсыз ауа-райына қарамастан құтқару және қалпына келтіру шараларына аянбай атсалысып жатқан барша құқық қорғау органдарының өкілдеріне, төтенше жағдайлар мен полиция қызметкерлеріне, әскерилерге, «Қазавтожол», «Жамбыл электр желілері» мамандарына, тұрғындарды құтқаруға және азық-түлікпен қамтуға атсалысқан еріктілерге, әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын.

Жамбылдықтар кезекті рет өздерінің ұйымшылдығын танытып, ауызбіршілік пен татулықтың тамаша үлгісін көрсете білді.

Қанымызда бар қайырымдылық қасиетіміз арқылы күшіміздің — бірлікте екенін тағы да бір дәлелдей түстік.

Айналамыздың аман, жақындарымыздың түгел болуын тілей отырып, тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамын.

Сондай-ақ, жолдардың жабылуы туралы ескертулерді мұқият сақтауларыңызды, ауа-райының қолайсыз жағдайында жолға шықпауларыңызды сұраймын!

Бұл өзіміз үшін де, жанашыр азаматтар үшін де аса маңызды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.