Қалалық қоғамдық-саяси газет

Апат айтып келмейді

0 370

«Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Сондықтан қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғи және улы газдан улану оқиғаларының алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары ешқашан тоқтаған емес.

Ағымдағы жылдың шілде айында 2022-2023 жылғы жылыту маусымын қауіпсіз өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрімен профилактикалық іс-шаралар жоспары бетілген болатын. Аталған жоспарға сәйкес осы жылдың 22 тамызында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Қазіргі уақытта облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік саласының барлық объектілері жылыту маусымына тас-түйін дайын. Ол үшін 437 қазандық, 785 білім беру нысаны, 386 денсаулық сақтау, 1 553 көпқабатты тұрғын үй дайындалды. Жылумен жабдықтау кәсіпорындары белгіленген температуралық режимдер шегінде ауытқусыз жұмыс істейді. Сонымен қатар жылы-ту кезеңі басталғаннан бері облыстың тұрғын үй секторында 62 өрт тіркелді. Бұл өткен жылыту кезеңіне қарағанда 71 пайызға көп. Ал өрттен жарақат алған адамдардың саны 2 жағдайға артты. Қуаныштысы, қаза тапқандар жоқ. Өкіншке орай, газдан уланып, 1 адам қаза тапты.
Ал жыл басынан бері облыс аумағында 652 өрт тіркеліп, онда 4 адам қаза тапса, әртүрлі дәрежеде 9 адам жарақат алды. Өрттен болған материалдық шығын 101 миллион 706 мың теңгені құрады. Ал жыл басынан бері газдан уланудың 6 жағдайы тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмды. Сондықтан халық арасында мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын атаулы профилактикалық жұмыс жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылы автономды жылыту жүйелерімен атаулы профилактикалық жұмыстармен 315 мың жеке тұрғын үй қамтылды, 609 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. ЖАО және полиция өкілдерімен бірлесіп халықтың тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған топтары арасында 12 мыңнан астам адамды қамти отырып, 2 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізілген болатын. Сонымен қатар 2022-2023 жылдардың жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 6 288 тұрғын үй есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған үйлер профилактикалық жұмыстармен толық қамтылды. Оның ішінде 3 688 үйге ЖАО өкілдерімен бірлесе отырып аралап, 22 560 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық тексеру барысында 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 бұзушылығы анықталды. Олар негізінен электр техникалық желілері мен жабдықтары, автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Қазіргі уақытта 1 164 өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша бұзушылықтар жойылды. Газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Соңғы 2 жылда жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2 394 улы газ бен табиғи газ датчиктері орнатылды.
Жылыту кезеңі қарсаңында тұрғын үй секторында өрттің алдын алу мақсатында ақпараттық агенттіктердің, облыстық телеарналардың қатысуымен бірнеше брифинг өткізілді. Облыстық телеарналарында күн сайын тақырыптық бейнероликтер де көрсетіліп тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында 343 сюжет және 166 жарияланым интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде 352 материал жарияланды. Дауыс зорайтқыш байланыс бойынша адамдар көп жиналатын объектілерде 1,7 мың сөз сөйлеу өткізілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өртке қарсы тақырыпта 14 билборд және 9 баннер орнатылды. Жалпы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.
Ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен дабыл бойынша 2 440 шығу тіркелді. Оның ішінде өртке – 557, авариялық-құтқару жұмыстарына – 220, жану оқиғаларына – 1604 шығу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жалған хабарлама – 0, расталмаған жану фактілері – 59, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарылған адамдар саны – 259, қауіпсіз орынға көшірілгендер – 563. Зардап шеккен 54 адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді. Өрттің қауіпті факторларынан әртүрлі дәрежедегі жарақат алғандар саны – 6, қаза болғандар саны – 4 адам. Жалпы өрттен келтірілген материалдық шығын 94 миллион 641 550 теңгені құрады. 9 айда 35 өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өрт-тактикалық сабақтар саны 244-ке жетті.
Мекемеде жыл басынан сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алу бойынша 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 257 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 43 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылығымен жеке құрамның тәртіпті сақтауы жөнінде, моральдық және психологиялық тұрақтылығына аса мән беріліп, үнемі бақылауда екендігін атап өткен жөн. Ол жөнінде тәрбиелік мәндегі тиісті шаралар атқарылуда.

Жомарт Садирмеков, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.