Қалалық қоғамдық-саяси газет

Апат аймағына көмек

0 183

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан облысы Мақтарал ауданына азық-түлік пен тұрғындарға қажетті тауарлар тиелген жүк көлігі жолға шықты. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 15 тоннадан асады.

Дәрмен Ерболов
Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев «Жамбылдық «нұротандықтар» – мақтаралдықтармен бірге!» деген ұранмен гуманитарлық көмекке бір жұдырық болып жұмылған партияның қалалық және аудандық филиалдарының өкілдеріне алғыс білдірді.
– Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» партиясы, оның ішінде Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдары апат аймағындағы халыққа көмек көрсетуден сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. Бүгін партияның облыстық, Тараз қалалық, аудандық филиалдарының белсенді мүшелері Түркістан облысына 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен қажетті тауарлар жөнелтті. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Мақтарал ауданы тұрғындарының сұраныстары бойынша «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған көпбейімді қоларбаны арнайы алдыртып отыр. Мақтарал ауданына көмек көрсетіп жатқан партияның белсенді мүшелері мен еріктілерге алғыс айтамыз, – деді Балабек Нарбаев.
«Nur Otan» партиясының Тараз қалалық және аудандық филиалдарының бастауыш партия ұйымдары мен кәсіпкерлер киім-кешек, ыдыс-аяқ, азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттармен көмек көрсетті. Соның ішінде Тараз қаласындағы «Дәмді себет» ЖШС, партияның Меркі, Қордай, Жуалы ауданынан құны 2 млн теңге құрайтын 1,5 тонна сүт және 1,5 тонна азық-түлік өнімдерімен қоса басқа да тауарлар жіберіп, игі іске үлкен қолдау көрсетіп отыр.
Облыстың барлық аудандарынан келген тауарлар мен өнімдердің барлығы жиналған соң, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері заттарды жүк көлігіне тиеп, Мақтарал ауданына алып кетті. Енді еріктілер су тасқыны болған жерде бірер күн аялдап, халыққа жәрдемдеседі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.