Ерке Есмахан тағы да сынға ілікті. Фанаттарының пікірінше, әнші жас жігітпен жүремін деп өзгеріп кеткен. Киіну стилі, өзін-өзі ұстауы, тіптен, суретке түсуі қазір басқа, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші қазіргі уақытта сүйіктісі Азамат Зенкаевпен Ақтаудағы Rixos қонақ үйінде демалуда. Ерке демалыстың қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында көрсетуде.
Кеше Ерке ерекше фотоларын жариялап, елден сөз естіп қалды. Хейтерлердің қаһарына ұшырайтынын білсе керек, өзі:
«Тұрыс ладно, не отырыс енді мынау?» – деп жазыпты.
«Тамағыма пышақ тақады»: Баян Алагөзова 90-жылдарды еске алды
«Барып тұрамын»: Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Желі оқырмандары әншіні бұл қылығы үшін сынап тастады.
«Апама жездем сай қосылыпты ғой», «Не боп кетті, еркекшора болып кетті ме? Ұзын көйлек киген Ерке бикеш болмай кетті ғой», «Жас баланың қасында жүрсең, әлі талай неше түрлі отырыстар болады», «Отырыс енді от», «Кәмшат сияқты купальник киіп, талтайып отырмасаң болды. Қалғаны керемет», – деп жазды оқырмандар.