Қалалық қоғамдық-саяси газет

«ANTIKOR ORTALYǴY»-нда азаматтарды қабылдау өтеді

0 174

«ANTIKOR ORTALYǴY»-нда «Адал көмек» жобасы аясында кәсіпкерлікке арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға байланысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету мақсатымен «Adal komek» жобасы оффлайн форматқа көшуде.
Халықпен кездесулер апта сайын бейсенбі күні Жамбыл облысының «ANTIKOR ORTALYǴY» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сервис орталығының ғимаратында өткізіледі.
Тақырып пен спикер көрсетілген кездесулер анонстары әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің ресми сайтында орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады.
18 тамызда сағат 16:00-де Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев және Тараз қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Әділқайыр Атин аталған тақырып бойынша тұрғындарының сауалдарына жауап береді.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала 8 747 503 07 49 WhatsApp нөмірі бойынша жазылу қажет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.