Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қанша шаңырақты шайқалтты»: Қызылорда облысында тұрғындар апта сайын стриптиз-шоу ұйымдастыратын клубты жабуды талап етті

0 557

Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты. Бейнежазбаны жариялаған Шиелі ауданының тұрғыны Ардақ Сыздықова бұл ойынханада осылай стриптиз биін аптасына бір ұйымдастыру әдетке айналған дейді. Сөзінше, лоторея клубы телефонға хабарлама жіберіп, жұма сайын стрип-шоуға шақырады екен.

“Осының ішіне кіріп, көріп жүрген әйелдің күйеуіне жіберген. Осы видеоларды жібергенім үшін, шағым жазғаным үшін үнемі таяқ жеймін. Мынау шектен шыққандық дейді. Осы пятница осындай би болыпты дейді. Каждый пятница телефонына смс келеді екен. Бері кел, бері кел деп шақырады”, – деді тұрғын Ардақ Сыздықов.

Жыл басында ашылған клуб бірнеше шаңырақтың шайқалуына дейін әкелді деп ашуланды тұрғындар. Өйткені құжат бойынша аты лоторея клубы болғанымен, негізі құмар ойындар ойынханасы екенін айтады. Ал бірақ мұндай заңсыздықты бірнеше рет дәлелдеп бергенімен, құзырлы органдар көзге ілмей жүр дейді.

“Бұл қаншама отбасын құрдымға жіберді. Қанша адамның ақшасын жеді. Алдап, қанша адамды жоқ қылды”, – деді Айгүл Баймырзаева.

Ал шу шыққан клуб өкілдері түсірілім тобын ішке кіргізбесе де, желіде видеосы тараған стрип-шоу ұйымдастырылған жер мен осы ғимараттың іші ұқсас екені байқалды. Едені де, жиһаздары да бірдей. Өзін клубтың басқарушысымын деп таныстырған қыз стриптиз биі болып тұрады деген жалған дейді.

Ал аудан әкімдігіндегілер тұрғындардың шағымынан хабардар екендерін мәлімдеді. Соған сәйкес қолдан келер жұмыстарды атқарып жатырмыз дейді.

“Біздің бақылауымызда. Түрткі болып жатырмыз біз де. Бірақ нақты тақырыпты түрде тексеру, лоторея заңдылығына сәйкес келе ме, келмей ме тексеру құзыреті аудан әкімдігінің құзырында емес”, – деді Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов.

Экономикалық тергеу департаменті тексеруге енді ғана кірісетіндерін жеткізді. Айтуларынша, лоторея клубында стриптиз биі ұйымдастырылғаны дәлелденсе, иесіне заңмен шара қолданылады. Ал тұрғындар аядай ғана ауданның берекесін қашырған орын жабылсын деп талап қойып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.