Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Аnime» жобасының тұсаукесері өтті. Түрлі анимациялық шаралар арқылы өскелең ұрпақты отандық және әлем әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жоба «Аниме және ертегілер мекені» тақырыбы аясында аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында «Әли мен Айя», «Аю мен маса», «Қажымұқан» «Алдар көсе» ертегілерінен қойылым көрсетіліп, ертегі кейіпкерлері «Әжем айтқан ертегі» әнін орындап, «Ертегілер мекені» кітап көрмесіне шолу жасалды.