Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ангела Меркель мансабын аяқтайды

0 230

 Германия канцлері Ангела Меркель саяси мансабын аяқтауға жақын,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 16 жыл бойы ел билеген саясаткер бесінші мерзімге бармайтын болды. Енді Германия жұрты жаңа канцлерді сайлайды. Ұзақ уақыт Еуроодақтың ең ірі экономикасын басқарған Меркель биліктен кеткен соң қандай кәсіппен айналысады? Мамандығы физик болса да Ангела Меркель жас кезінен саясатқа қызығып, биліктің шыңына шықты. Мансабын партияның қарапайым мүшесінен бастаған ол, ақыры көшбасшысына айналады. Германияда канцлер болып сайланған алғашқы әйел атанды. Әлемдегі ең қуатты мемлекеттің бірін 16 жыл үздіксіз басқарды. Саясаттанушылардың айтуынша, Меркель билігін неміс саясатындағы бөлек бір дәуір деп сипаттауға болады. Меркельді әлем басшылары қадірлеп, ел тұрғындары құрметтеді.

Меркельдің басқаруымен Германия экономикасы өрлеп, біріккен Еуропаның қозғаушы күшіне айналды. Алайда кейде сынға да ілікті. Әсіресе Германия бір миллионнан аса босқын қабылдаған миграциялық дағдарыс кезінде. Дегенмен, осыған қарамастан халық оны төртінші мерзімге сайлады. Енді көп ұзамай Меркель билік тізгінін жаңа тұлғаға тапсыруы тиіс.

Меркель Германияны күшті әрі тұрақты мемлекетке айналдырды. Елдің беделін көтерді, әлемде бізді сенімді серіктес санайды. Канцлер ықыласпен еңбек етіп, барлық сауалдарға мұқият қарайтын. Шынын айтсақ, партияластары мен немістердің көбі Меркельдің жаңа мерзімге сайланбайтынына өкініп отыр. Оларға канцлер құрған тұрақтылық пен билік мәнері ұнайтын.  Зейнетке кететін саясаткер айына шамамен 15 мың еуро алып тұрады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.