АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің айтуынша, аталған талаптан басқа жағдайларда кандидаттың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынада қалады.
Бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері – 3 миллион теңге.
Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып құжат тапсырған үміткерлердің бірі Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талаптарға сай екенін мәлімдеді.