Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қандай мұғалім аттестаттаудан босатылады?

0 427

Тараз қаласы Білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қандай мұғалім аттестациядан босатылатынын айтып берді.

«2023 жылы 2 724 педагог біліктілікті арттыру курстарынан, 897 педагог аттестаттаудан өтті. Оның ішінде 194-і – «Педагог-зерттеуші», 189-і – «Педагог-сарапшы», 514-і «Педагог-модератор) біліктілік санатын алды», – деді ол.

Сөзінше, педагогтардың аттесттаудан өту талаптарына өзгерістер енгізілген және сол өзгерістерді таныстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айталық, аттестаттау комиссиясы қаңтар-маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады. Осылайша, педагогтар 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады.

Білім беру ұйымы педагогтарды аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдем деседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықтын нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогқа ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі.

Егер педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл).

Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (ескі формат) педагогтарға қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез келген біліктілік санатына арыз бере алады («шеберден» басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтар аттестаттау рәсімінен босатылады.

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтары біліктілік санатын растау кезінде тестілеу тапсырудан босатылады.

newsroom.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.