Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анасын бейнебаянға түсірген Мәдина Сәдуақасова елді жылатты (видео)

0 1  053

Мәдина Сәдуақасова «Мама» атты бейнебаянының тұсауын кесті. Аталған клипке Мәдинаның өз анасы түскен. Сондай-ақ «Перзент» балалар үйінің директоры Әмина қажы Әжібаева, боксшы Жанқош Тұраров бой көрсеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Клипте актерлер жоқ, өмірдегі мамалар мен балалары. Қанша есейсең де, анаң үшін әрқашан кішкентай, ерке бала болып қала бересің.
Әмина апа үшін балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әр бала, өз баласы, ал сол балалар қажы апаны өзінің анасы деп қабылдайды.
Клипке түскен барлық жандарға алғысымыз шексіз», – деп бөлісті Сәдуақасова желіде.

Тыңдармандар әншінің жаңа туындысын жылы қабылдап, алғысын жаудырды. Көпшілігі көзіне жас алғандарын атап өтті.

«Керемет клип! Туф, Мадина жылаттыңыз ғой! Өзіміздің анамыз жоқ болғасын, көңіліміз қатты босап кетті!», «Өте нәзік ән», «Әсерлі ән», «Бір жылап алдым, жүректебірентерлік ән екен», «Анамды еске түсіріп, бір жылап алдым», – деп жазды тыңдармандар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.