Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Анам үшеуміз тұрамыз»: Лидия Кәденованың ұлы отбасылық өмірі жайлы айтты

0 314

Екінші рет отбасын құрған Дидар Кәден отбасылық өмірі жайлы айтты. Ол үйлену тойының суретін көрсетіп, елді мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дидар таңдаған арудың есімі – Лейла. Жас жұбайлар 2020 жылдың көктемінде, карантин кезінде танысқан.

1 жыл қыз-жігіт болып кездескеннен кейін, Дидар сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасапты.

Лейла Дидардан 5 жасқа кіші. Ол «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің балет артисі.

«Мен – Қожамын. Лейла – Арғын. Анам үшеуміз бірге тұрамыз», – деп түйіндеді сөзін Дидар Кәден.

Айта кетейік, Дидар Кәденнің алғашқы некесі сәтсіз аяқталған. Дидар белгілі бьюти-блогер Айым Алтынбековамен (Aeka Posh) ажырасқан. Екеуінің ортақ Дияр атты ұлы бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.