Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ана тілі – жүрек үні

0 51

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай, Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Ана тілі – жүрек үні» атты мазмұнды кездесу өтті.
Айтулы күнге орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақтілді орта қалыптастыру және мемлекеттік тілдің дамуына қолдау көрсету мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Ана тілдерін оқытудың оңтайлы шешімдері талқыланып, тілдің қоғамдағы рөлі мен қолданыс аясын кеңейту жолдары қарастырылған жиынға тілдерді оқыту орталығының ақпараттық және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ринат Нұрақбаев модераторлық етті.
Іс-шараны Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Даурембеков ашып, тіл мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Жиында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің бірлік пен келісімді нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.
Бұдан өзге тіл мерейін үстем еткен жиында ҚХА мүшелері, Қазақстандық татар және башқұрт конгресі республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Фарида Нақыш пен «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Абзалбек Меңдібаев мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудегі басты мәселелерге тоқталып, жастарға қазақ тілінің құндылығын жеткізді.
Сонымен қатар, «Жамбыл ТВ» телеарнасының редакторы, ҚХА мүшесі, тіл жанашыры Риналь Рахматуллин мен «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынастар тілі» жобасының өңірлік спикері, Гродеково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Забида Мирзаева студенттерді көркем әдебиетті оқуға шақырды.
Достық үйі жанынан құрылған «Мәміле» пікірталас клубының мүшесі Евгения Дмитриева да тілдің қоғамдағы орны туралы ой бөлісті.
Кездесу соңында ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар ана тілінің мәртебесін арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.