Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қан зауыты» аумағындағы көшелерге асфальт төселуде

0 317

Бүгінде Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Әсіресе, егемендік жылдары мүлде асфальт төселмеген жолдардың тақтайдай тегіс болатын күні жақын. Бұл іске тұрғындар да ризашылығын білдіруде.

Айталық, шаһардағы «Қант зауыты» аумағындағы Шу, Бурный, Аса, Ақжол көшелерінің бұрылыстары, сондай-ақ Нұрпейісов, Наурызбай батыр көшесінің бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүруде.

Қазіргі таңда Шу көшесінде асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталса, қалған көшелерде кестеге сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, бұл жол құрылысы жүріп жатқан көшелердің ұзындығы 4,6 шақырымды, ені 4,5-6 метрді құрайды.
Құрылыстың мердігері – «КАТSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қадағалаушы «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС-і.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.