Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аmanat» партиясы сайлауға өз үміткерін ұсынды

0 280

Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп жатыр. Басқосу барысында партия төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Партия съезі барысында «Amanat» атынан президент сайлауына қатысатын үмкіткерді анықтау және саяси платформасын нақтылау мәселелері қаралды. Ерлан Қошанов өз сөзінде партия атынан сайлауға қатысатын кандидатты ұсынды.

«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», – деді Қошанов.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.