Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар жастар арасындағы COVID-19-дың ауыр белгілерінің себептерін анықтады

0 194

Халықаралық зерттеушілер тобы коронавирустың ауыр белгілері бар жастарда аурудың ауыр көріністері бар науқастарға қарағанда белсендірек болатын бес генді анықтады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Science Translational Medicine журналында жарияланған ғылыми жұмыстың нәтижелері ДНҚ-дағы айырмашылықтардан туындауы мүмкін ықтимал асқынулырадың себептерін түсіндіреді.

Белгілі болғандай, мамандар COVID-19 жұқтырған 72 жас пациенттің қан плазмасының үлгілеріне талдау жасаған, олардың 47-сінің жағдайы ауыр болған. Олардың бірде бірінде симптом белгілерін түсіндіре алатын медициналық жағдайлар болмаған. Команда сонымен қатар ауру белгілері аз немесе мүлдем жоқ 22 жас азаматтардың үлгілерін жинаған.

Ғалымдар үлгілердің геномдық секвенциясын, сондай-ақ РНҚ секвенциясын орындаған. Бұдан бөлек олар ақуыздардың, цитокиндердің және лейкоциттер топтарының жиынтығын талдаған. Олар гендердегі үлгілерді анықтау үшін машиналық оқытуды пайдаланған. Талдау нәтижелері ауыр симптомдары бар науқастарда ең белсенді болған бес генді көрсетіп берді. Олардың ішінде ең көп таралған ADAM9 болды. Оның алдын алған уақытта вирустың өзін-өзі көбейту тиімділігі төмендеген.

Зерттеушілер жұмыстарының соңында анықталған бес геннің ішінде әсіресе ADAM9-дың тереңірек зерттеуді қажет ететінін айтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.