Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар: Жаһандық жылыну жаңа туған нәрестелер денсаулығына зиян келтіреді

0 106

The Guardian басылымы әртүрлі зерттеулерге шолу жасап, климаттың өзгеру мен ауаның ластануы бала біту процесіне және сәбидің денсаулығына қалай әсер ететінін жазады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Израиль мамандары 200 мың бала босану процесін зерттеп, түнде ауа температурасының жоғарылауы нәрестелердің тез салмақ жинауына және алдағы өмірде семіздік қаупінің жоғары болуына байланысты екенін анықтады

Австралиялық ғалымдар жылу мезгілсіз босануға ықпал ететінін, созылмалы ауруларға әкелетінін және ауруханаға жататын балалар санының өсуіне әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Зерттеулер көрсеткендей, Жаңа Оңтүстік Уэльстің ең ыстық жерлерінде тұратындарда мерзімінен бұрын босану қаупі 16 пайызға артады.

Калифорния ғалымдары екі миллион баланың тууын қарастырып, жаһандық жылыну кезінде жиі кездесетін орман өрттерінен шыққан түтін бала бітерден бір ай бұрын ананың денесіне әсер етеді. 68 зерттеу көрсеткендей, климаттың өзгеруіне және ауаны ластауға қазбалы отынның жануы себеп болады. Ол жаңа туған нәрестелердің дене салмағының төмендігіне және өлі тууына әкеледі.

Дат зерттеуінің нәтижелері бойынша, Еуропалық одақта қауіпсіз деп саналатын деңгейге дейін ауаның ластану көрсеткішінің өсуі ала біту мүмкіндігін 8 пайызға төмендетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.