Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар тіл тағдырын талқылады

0 762

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: тәуелсіздік және тіл» тақырыбында республикалық ашық диалог  алаңы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген жиынға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және Дулати университетінің оқытушы-профессорлық құрамы қатысты. Онлайн және оффлайн форматта өткен жиын барысында студенттер Zoom қосымшасы арқылы білікті мамандарға сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

Шара барасында тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайы талқыланды. Заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстары зерделенді. Жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, оны дамытудың жаңаша тетіктерін табу бойынша бірнеше ұсыныстар тыңдалды.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мамаева онлайн байланысқа шығып, «Қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мөлдір Ахметова «Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл облысында мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тетіктері» тақырыбында құнды деректермен бөлісті.

– Тәуелсіздік болмаса қазақ тілі бүгінгі дәрежесіне көтеріле алмас еді. Сол себептен тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне бүгінгі жас буын жете білуі керек. Біздің мақсат – елдігіміздің ертеңі болатын жастарымызға тура жолды нұсқау, – деді жиынға қатысқан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс докторанты Әсел Тоқтанова.

Жиын соңында Дулати университеті Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлзинат Қарымбаева барша қатысушыларға алғысын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.