Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алтыннан ардақты аналар

0 258

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналар марапатталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 24 251, ал оның ішінде Тараз қаласы бойынша 4722 көпбалалы ана «Алтын алқа» (2580 көпбалалы ана) және «Күміс алқа» (2097 көпбалалы ана) алқаларымен марапатталды.
Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қабылдап, Елбасының Жарлығына сәйкес аналарға алтын және күміс алқалар табыстады.
Атап айтқанда, аз қамтылған көпбалалы аналардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1-6 жас аралығындағы балалары ай сайын азық-түлік себетімен және тоқсанына бір рет тұрмыстық химия тауарымен қамтылып жүр.

– Жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған көпбалалы аналардың отбасыларына коммуналдық қызметтердің шығынын өтеу үшін «Тұрғын үй көмегi» тағайындалып, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «І-ші дәрежелі Даңқты аналар», «ІІ-ші дәрежелі Даңқты аналар» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға қалалық жолаушылар жол жүру көлігінде ай сайын 1АЕК (2917 тг) мөлшерінде өтемақы төленуде. Сол себепті, әрдайым шынайы сыңғыр күлкімен елімізді бақытқа бөлеп, ұзақ жасауларыңызға жаймашуақ көңіл, мықты денсаулық, отбасыларыңызға мол бақыт тілеймін, – деп аналарды ортаға шақырған қала әкімі «Алтын алқамен» 9, «Күміс алқа» алқасымен 30 көпбалалы ананы марапаттады.

«Күміс алқа» иегері атанғандар арасында 6 баланың анасы Гюзаль Төлегенова да бар.

– Әр баланың орны бөлек. Баланы дүниеге алып келу бар да, оларға лайықты тәлім-тәрбие беру бар. Біздің үйде балаларды еңбекке баулу қағидасы өріс алған. Әр баламның өзіне арналған жұмысы бар. Бірі үй жинаса, енді бірі ыдыс-аяқ жуады, ал енді бірі даланың жұмысына жауапты. Тәртіп болған үйде түсінік те бар деп ойлаймын, – дейді көпбалалы ана.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.