Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алтыннан алқа тағынды күмістей көркем аналар

0 181

Бүгін сәрсенбінің сәтті күнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

Демографияның өсім алуына аталған жандардың қосар үлесі мол. Тағылымы мол шараны аудан әкімі Қанатбек Мәдібек жүргізіп, алтын құрсақты аналарды марапаттады.

Бүгінгі марапат барысында 4 ана «Алтын алқа», 5 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Жалпы аудан бойынша жыл басынан бері 9 ана «Алтын алқа», 27 ана «Күміс алқа» иегерлерімен толықтырылды.

Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтты.

Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.