Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы сіңлісіне қол көтерді

0 887

Актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның қыздары жұрттың назарына тағы ілікті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жолы Алтынайдың үлкен қызы Айнара артынан ерген сіңлісі Семанұрға қол көтереді. Бұл оқиға әпкелі-сіңлілілер TikTok желісіне видео түсіріп жатқанда болған.

Видеоны Айнараның өзі Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда әпкесі ойын шартын түсінбеген сіңлісінің басынан шапалақпен аямай бір салады. Соққының қатты болғаны соншалық, Семанұр айқайлап жібереді.

Байқұсқа шапалақ бердім,

— деп мақтанды әпкесі Айнара.

Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы сіңлісіне қол көтерді / instagram.com/aiinarae
Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы сіңлісіне қол көтерді / instagram.com/aiinarae

Айнара — Сәбит пен Алтынайдың тұңғышы. Әнші мен актер осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Олардың ортақ некесінен 4 қызы бар.

Бұл 4 қыздың арасында болған алғашқы оқиға емес. Экспресс К бұған дейін Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуінің киімін қыздары таласып киетінін жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.