Талған ауданы Еркін ауылында КамАЗ жүргізушісі итті көлігінің артына байлап, Айғаным көшесінде сүйреген азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Animal Security парақшасына сілтеме жасап.
Жүк көлігінің артына итті жіпке байлап, жүріп келе жатқан бейнежазба әлеуметтік желіге шықты. Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов құқықбұзушылық Талғар ауданының полиция басқармасында тіркеліп, мейірімсіздік танытқан көлік жүргізушінің анықталғанын мәлімдеді.
КамАз жүргізушісі 42 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.