Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда ғылыми-зерттеу институтының кеңсесі өртенді

0 188

Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 14:04 Алатау ауданы, Нұрпейісова 2а мекенжай бойынша өрт шыққан түтін туралы хабарлама түсті.

«Өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды, құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар келген кезде үш қабатты әкімішілік ғимараттың екінші қабатының 45 шаршы метр жері өртеніп кетті»,-деді ведомстводан.

Өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматыда жолаушылар автобусы өртенген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.