Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде өлі табылған қыз хабарлама жазып үлгерген

0 317

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өлтірілген 18 жасар қыз жақындарына хабарлама жазып үлгерген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Жан түршігерлік жағдай Latifa тұрғын кешенінің 13-қабатындағы пәтерде болған.

Түнгі сағат 1 шамасында пәтерден айқай-шу шыққан. Бойжеткен туған әпкесіне кешкі 7:00 кезінде «құрбымның үйінде түнеймін» деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін «ұрып жатыр» деп бір ауыз сөз жазып, көмек сұраған. Дереу келген жақындары полиция шақыртыпты.

Бұл үйдегі 13-қабатты пәтерлер түгел дерлік тәулікке жалға беріледі. Солай бола тұра, ылғи да тыныш болатын дейді көршілері. Алайда осы жолы түн ортасында шыңғырған дауыс естіп күйіктің иісі сезілген.

«Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен бала құлап кетіп, жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат бірлерде қашып кеткен сияқты», – дейді көрші тұратын Екатерина.

Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің кім екені анықталды.

«Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99- бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеліп, Медеу аудандық полиция басқармасының мамандарынан арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Осы ретте жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», – деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

18 жасар бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген қылмыскерді полицейлер іздеп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себеп-салдары алдағы уақытта анықталады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.