Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда көшедегі әйелді себепсіз соққыға жыққан ер адам ұсталды

0 230

Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, күдікті Алматы облысының К. есімді тұрғыны, 1986 жылы туған.

«Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді еш себепсіз соққыға жыққан. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.

Соққы салдарынан әйелдің қабағы жарылып кеткен.

«Басынан ұра бастады, қабағы жарылып кеткен. Сосын әрі қарай жүгіріп кетті. Полицияға бірден шағым түсірдік, бірақ бейнебақылау камераларын тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Оқиға орнына полициядан ешкім келген жоқ, куәгерлерден жауап алмады», – деді зардап шеккен әйел.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.