Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда ірі тарақандар қаптап кетті

0 278

Әдеттегі тарақандардан тұрқы бөлек жәндіктер қаланың төменгі бөлігіндегі ықшам аудандарда көбейе бастаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автордың айтуынша, әзірге жәндіктер кәріз құбырларын паналап жатыр. Бейнежазбадан үлкен тарақандардың кәріз құдығынан жыпырлап шығып жатқаны анық көрініп тұр. Тіпті кешкі салқынды да елейтін емес. Өйткені бұлар күнделікті үйде көретін тарақандарға мүлде ұқсамайды. Әрі дене бітімдері де ірі.

 

Әзірге мұндай тарақандар қаланың төменгі бөлігіндегі «Айнабұлақ» ықшам ауданын жаулай бастаған. Видео авторы қазір күн аса салқын емес, ертең қар жауғанда бұл зиянкес жәндіктердің барлығы тұрғын үйлерге қарай ағылады, деп дабыл қағуда. Ал дезинфекция жасаушы мекемелер болса бұрыннан бар қызыл тарақандардың өзін жоя алмай келеді.

Айта кетсек мұндай үлкен, қара тарақандар (Blatta orientalis) адам жүрген жерде ғана өмір сүре алады. Яғни жылы жер, тамақ қалдықтарының молдығы олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.