Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда екі көлік бірдей нөмірмен жүрген

0 485

Бірдей номердегі көліктерді полиция қызметкерлері мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Егіз көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағында “кездесті”, оларды полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлер мен тіркеу куәліктерін анықтағаннан кейін осында жеткізді.

«Біздің деректерге сәйкес, шынайы Nissan қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан және белгілі болғандай, оның иесі өз көлігінің екі көшірмесі көрші елде «өмір сүріп жатқанын» білмеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құжатты қолдан жасап, жалған мемлекеттік нөмір жасау тетігі анықталады. Заңды бұзғандар, соның ішінде «егіз көлік» иелері заң бойынша жауап береді. Көлік құралдары тәркіленді», — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.