Алматыда нөмірі 7-ші қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, санитарға қол көтерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 19 жастағы санитар Нұржан Оханов осыған дейін де меңгерушінің ұрып-соққанын айтқан. Жәбірленушінің әріптестері де мұны растады.
«Қатты соққыға жықты. Қабылдау бөлімінде ұрып-соғыпты. Санитар басшымыздан қорқып, қорғанған да жоқ», – дейді №7 аурухана қызметкерлері.
Ақпаратқа сәйкес, Нұржан Оханов сараптамадан өткен. Қазіргі уақытта денсаулығына байланысты демалыста. Санитардың ата-анасы полицияға арыз жазған.
Белгілі болғандай, бас дәрігер 19 жастағы тәртіп сақшысын бұған дейін де соққыға жыққан, бірақ кейін іс жабылып қалған. №7 аурухана қызметкерлерінің айтуынша, басшы санитарларды жиі ұрады.
«Психологиялық қысым жасайды, айқайлайды. Біз науқастармен жұмыс істейміз, жұмысымыз ауыр. Ең лас жұмысты санитарлар жасайды және олар басшының қысымына шыдайды. Сонымен қатар, басқа ауруханалардың барлығы бонус алады, ал біз шетте қаламыз. Өткен мерекелердің бәрінде біз сыйақы алмаймыз, көмектесіңіздер, жағдайымызды министрлікке жеткізіңіздер», – деді аурухана қызметкерлері.
Олар басшылықтың қудалауынан қорқатындықтан, аты-жөнін, тегін көрсетпеуді өтінді. Олардың айтуынша, бұған дейін журналистерге ашық шағымданған қызметкерлердің бірі жұмыстан қуылған.
Ақпаратқа сәйкес, тағы бір оқиғадан кейін соққыға жығылған жігіттің әріптестері жедел жәрдем бөлімінің бастығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілу үшін қол жинап жатыр.
Дегенмен, аурухана әкімшілігі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Себебі, іс жүзінде оқиға куәгерлері жоқ. Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты ешкім аурухана басшылығына шағым білдірмеген. Аурухана басшылығы оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
“№7 қалалық клиникалық аурухананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне, қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасындағы жанжал туралы дабыл түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлімшенің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлімше меңгерушісімен, санитармен әңгіме жүргізілді. Ішкі аудит қызметіне жұмыс күні ішінде қабылдау бөліміндегі жұмыс процесін бақылау тапсырылды”, – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.