Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда Covid-19-ға қарсы вакциналар жұмыс жасамайтын тоңазытқышта сақталған

0 479

Алматыда Covid-19 вакциналары жұмыс жасамайтын мұздатқышта сақталған. Оқиға №27 емханада болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«6 қыркүйек күні, таңертеңгі тексеру кезінде вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштағы температура 0°С екені анықталды. Тексеру барысында ұзартқыш кабельдің зақымданғаны белгілі болды. Мұздатқышта ол уақытта бірінші компоненттің 650 дозасы және екінші компоненттің 565 дозасы болған. Акт толтырылып, вакцинаның барлық дозалары айналымнан алынды», – деді Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті хабарлама жіберілгенін атап өтті.

«Кінәлі адамдар жұмыстан шеттетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ДСЭК вакцинация пункттерінің суық тізбекке сәйкестігін күн сайын тексереді», – деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма сонымен қатар жұмыс істемейтін мұздатқыштарда «Спутник V» вакцинасы сақталғанын айтты. Бұл екпелер ешкімге салынбаған деп сендірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.