Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады

0 165

Алматыда 20 қарашада өтетін Президенттің кезектен тыс сайлауына дайындық басталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, қалада 5 мыңға жуық мүшесі бар 600 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Бізде 8 аудандық және 1 қалалық комиссия жұмыс істейді. Әрбір азамат сайлаушылар тізімінде болмаса немесе тіркеуі басқа қалада болса, өтініш жазып тізімге ене алады. Іс-шара 30 қазанға дейін жалғасады, кейін тізімге қоса алмаймыз, — деді Жанна Асанова.

 

Оның айтуынша, алдын ала Алматыда 1,1 миллионнан астам сайлаушы тіркелген.

Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. 21 қыркүйекте мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Президентікке кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.