Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 25-қабаттан құлаған қыз оқиға орнында мерт болды

0 188

Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан құлаған қыз оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрліг telegram-арнасында растады.

102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ақпарат расталып, марқұмның жеке басы анықталды,

— делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.