Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 283

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бибігүл Төкенқызы Ұзақова облыстық қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бибігүл Ұзақова 1975 жылы туған. Білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маман-бухгалтері, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Eco Almaty» ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бас-эксперт аудиторы лауазымында болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.