Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында удай мас ауыл әкімі далада түнеген (ВИДЕО)

0 668

Алматы облысында мас болып, ен далада қалған ауыл әкімін тұрғындар тауып алды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Тілі күрмеліп, әзер сөйлеп тұрған адам Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев болып шықты. Оның көлік жүргізуге шамасы келмегенге ұқсайды.

Өзін тас қараңғыда даладан тауып алған тұрғындарға әкім «зарядкасының өшіп қалғанын» айтып, көмек сұраған.

Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін жеткізді. Ал ауыл әкімі Қойлыбаевтың өзі келеңсіз қылығын түсіндіріп бере алмады.

Айта кетсек, Роман Қойлыбаев Жамбыл ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.