Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында әскери қызметші жарылыстың алдын алды (видео)

0 291

Алматы облысында ұлттық ұланның әскери қызметшісі өртке оранған дәмханадан газ балондарын шығарып, жарылыстың алдын алды. Одан кейін оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 13 тамызда Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым шалғай жерде болған. Сол күні сағат Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқан. Жолда «Алатау холл» дәмханасынан шыққан қалың түтінді көреді. Офицер бірден жақын жерде тоқтап, айқайлаған адамдарға қарай жүгірген.

«Сол кезде мейрамханада өрттің алдын алуға тырысқан әйелдер ғана болды. Ең алдымен, мен от шыққан ас үйге жүгірдім. Түтін арасынан екі газ баллонды көрдім, оны ажыратып, көшеге шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залына жүгіріп барып, екінші қабаттан жиһаздарды шығарып, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», – дейді Бақыт Жүнісұлы.

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жаумен өз күшімен күресті, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатты және азаматтарды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндіру командасы келгеннен кейін көмек көрсетуді жалғастырған.

Әскери қызметшінің ерлігі ешкім білмейтін еді. Себебі ол өртті өшіргеннен кейін кетіп қалған. Ал дәмхана иелері әскери бөлімге алғыс хат жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.