Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы хайуанаттар бағында егіз ягуар өмірге келді (ВИДЕО)

0 226

Алматы хайуанаттар бағында Васька мен Момын есімді ягуар жұбының аналығы егіз күшіктеді деп хабарлады turkystan.kz.

Жануарлар 9 шілдеде дүниеге келген, бірақ хайуанаттар бағы бұл жаңалықпен қазір ғана бөлісуді ұйғарған. Себебі, олар егіздердің аяққа тұрып, есейгенін күткен.

«Ягуарларымыз Васка мен Момын егіз ягуарды дүниеге әкелді. Оларға Мика мен Мәди деген есім бердік. Мика әкесіне ұқсаған. Денесінің барлығы қап-қара,  ал Мәди енесіне тартқан. Бірақ Миканың мінезі анасындай, өте мейірімді, жайдарлы, ал Мәдидің мінезі аталығынікіндей», – деді хайуанаттар бағындағы мамандар.

Қазір олардың жағдайы жақсы. Ягуарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінде тұратындықтан, олар қыста хайуанаттар бағында «Жыртқыш сүтқоректілер» павильонында тұрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.